Өткен аптада Талдықорған қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.
Шара аясында қаланың бірқатар жерлеріне көшеттер отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпықалалық сенбілік жексенбі күні де жалғасты.
Ұйымдастырушылар осы аралықта қала бойынша 7 мыңға жуық көшет отырғызды. Сенбі күні Қаратал өзенінің жағалауына 900 түп ағаш отырғызылды. Айта кету керек, аталған шара «Талдықорған — бақ қала жобасы» аясында ұйымдастырылды.