Республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының Алматы облыстық филиалы 12-ші маусымдық жұмысын үстіміздегі жылдың мамыр айында бастаған болатын.
Жарты жыл көлемінде Алматы облысы бойынша «Жасыл ел» 2264 жасты жұмыспен қамтыды. Нақтырақ айтсақ, 800-ден астам студент, 1000-нан аса жұмыссыз қыз-жігіттер және көп балалы отбасынан шыққан 70 жас жұмыс істеген. Республика бойынша үш жыл қатарынан «Үздік штаб» мәртебесін иеленген облыстық «Жасыл елдің» биылғы жасақшыларының жалақысына 48 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.
— «Жасылелдіктер» облыс бойынша 400 гектардан астам аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, 2500-ге жуық ағаш отырғызып, биылғы маусымдық жұмыстарын ойдағыдай қорытындылап отыр. Сондай-ақ, жетісулық белсенді жастар әлеуметтік, идеологоиялық, спорттық- патриоттық тақырыптардағы «Ардагерді ардақтайық!», «Экодесант», «Велопатруль», «ZHASYL-EL UPGRADE», «Жақсылық жаса!», «Таза аула», «Антиграффити», «Отан- ағаш» секілді іс-шараларға да атсалысты, — деді Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі Тимур Нұғманов.