Жуырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға отандық және Ресей, Қытай, Түркия елдерінің жетекші ЖОО-ларының өкілдері қатысты.
Қонақтар мен қатысушыларға ЖМУ ректоры, профессор Қуат Баймырзаев құттықтау сөз арнап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын барысында әртүрлі тақырыптағы 250 баяндама тыңдалды.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар мәдени байланыстарды нығайтып, тәжірибелерімен бөлісуге, білім саласының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.