Домой Жаңалықтар Мәдениет Аян Өтепберген: Қазіргі уақытта меннен бақытты адам жоқ

Аян Өтепберген: Қазіргі уақытта меннен бақытты адам жоқ

Аян Өтепберген: Қазіргі уақытта меннен бақытты адам жоқ

AH1Z6379 копияАян Өтепберген бүгін Талдықорған қаласында Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы шарасына арналған баспасөз мәслихаты барысында биыл аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға қатысып, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге үлесін қосып жатқандығы үшін өзін ең бақытты жандардың қатарына қосатындығын айтты.

— Қазақ хандығының 550 жылдығы биылғы жылдың ең маңызды күндерінің бірі ретінде барша Қазақстанда аталып өтіп жатыр. Оның ішінде Талдықорған қаласында ауқымды түрде аталып өтіп, қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғысының бір үзігін қайта қалпына келтіріп, қалай өткендігін халықтың назарына ұсынатын бұл қойылымға біз қатысып жатқандығымызға өте қуаныштымыз. Бұл мереке жастарға не береді? Қазіргі уақытта мен Қазақ хандығы туралы түсіріліп жатқан кинокартинада Бұрындық ханның рөлін сомдап жатырмын, жақында театрға жұмысқа орналасқанымызды білесіздер, онда мен Райымбек батырдың рөлін сомдаудамын. Менің ойымша, қазіргі уақытта меннен асқан бақытты адам жоқ. Өйткені мен халықтың, жастардың патриоттық тәрбиесіне өзімнің үлесімді осы жылы аянбай қосып жатырмын, — деді.

Айта кетейік, Қазақ хандығына 550 жыл толуына арналған Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы Талдықорған қаласында 2 қазан күні өтеді. Бұқаралық мереке ретінден ашық аспан астында өтетін шараға қатысушылар қазақстандық танымал актер, каскадерлердің қатысуымен төрт оқиғалы шайқасты көріп, Қазақ хандығының атмосферасына кіріп, толқынысты сәттерін тамашалай алады.

 ФОТО: Жұмабай МҰСАБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here