Домой Қоғам Алматы Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті

20161102145722Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай меценат Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті. 4 бөлмелі жаңа шаңырақ  Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты  Іргелі ауылында салынған.

«Бауыржан Кеңесбекұлы  үйдің құрылысын толықтай аяқтап, кілтін табыстады. Қазір жиһаздарды алып, ыңғайланып жатырмыз. Бауыржан ағаның қамқорлығына, спортқа деген жанашырлығына алғыстан басқа айтарым жоқ. Көлікті де әперді, енді міне үй салып берді. Артқан үмітті ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын», — деп спортшы қыз өз алғысын білдірді.

Назым Қызайбай Алматы облысы Іле Ауданы Жетіген ауылында дүниеге келген. Отбасында 6 ағайынды. Өзі үйдің 3-ші баласы. 23 жастағы спортшы қыз қазір спорттық бабында.

«Жоспарымда әлі тұрмысқа шығу деген ой жоқ. Алдағы жарыстарға дайындалып жүрмін. Мен өзім Алғабастағы жеке пәтерімде тұрамын. Ал, Бауыржан аға салып берген үйде ата-анам тұрады», — деді Назым Қызайбай.

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жерлесі, белгілі кәсіпкер — Бауыржан Оспанов үй салып бергенін айтып, алғысын білдірген еді:

«Сәлеметсіздер ме, менің құрметті инста оқырмандарым.

Мен 2014  жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал 2016 жылы мамыр айында өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда, маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет!!! Аман болыңыз, Бауыржан аға!».

Айта кету керек, спорт жанашыры, Жетісу жерінің тумасы — Бауыржан Оспановқа Қанат Ислам да өз алғысын жаудырған болатын. Жəне меценат  өзінің жерлестеріне де ерекше қамқорлығын жасауда. Қазір Алматы облысы Алакөл ауданы  Жыланды ауылының халқына бар жағдай жасалған. Ауылда кинотеатр, спортзал, демалыс алаңы, тойхана сынды өзге де  халық үшін аса қажетті ғимараттардың барлығын кәсіпкер Бауыржан Оспанов жөндеп, ел игілігіне берді. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында ауылға қаланың білікті мамандарын меценат өзі арнайы шақырып, жаңа баспана салып, барлық жиһазға дейін алып берген. Жалақыларын да бірнеше есе өсірген. Мұғалімдер қаладан тек чемоданмен келгендерін айтады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here