Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

ОҚО-да «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

ОҚО-да «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

75jwgpmjw0-1Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА және аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер сынды жалпы саны 5 мыңнан астам азамат қатысты.

Акцияда түрлі өнерлі жастар концерттік бағдарламалар ұсынса, этномәдени бірлестіктердің әншілері Шәмші әндерінен попури орындады. Салтанатты кездесуде сөз алған өңір басшысы, облыстық ҚХА төрағасы Ж.Түймебаев ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің бастауы болған Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне шолу жасап, бірқатар салалардағы жұмыстарға тоқталды.

«Тәуелсіздік жылдарында облыстың экономикалық әлеуеті көтеріліп, халық саны 1 миллион тұрғынға көбейді. Өнім көлемі 90 жылдардағы 40 млрд. теңгеден, 2015 жылы 2,5 трлн. теңгеге артты. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 3,3 трлн. теңгеге жетті. Білім беру саласында 491 жаңа мектеп, 1491 мектепке дейінгі ұйым, 347 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. 9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды», — деді Ж.Түймебаев.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» — «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылды. Кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші рөлін және өңірлердегі жастардың ел Президенті – Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оның шешуші факторы — бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттің бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.

Айта кету керек, осы жылдын 4 қарашасында Талдықорғаннан бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Алматыдан соң, үшінші болып, біздің облысымызда ұйымдастырылуда.Үш милионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайтын болғандықтан аталған шара жоғарғы денгейде өтті. «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы келесі кезекте Жамбыл облысында өтетіндіктен Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» — «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын еліміздің мақтанышы олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушысы Берікболсын Сүлейменов  салтанатты түрде табыс етті. Еліміздің барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүреді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here