Домой Қоғам ОҚО Түркістанда тəулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынуда

Түркістанда тəулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынуда

Түркістанда тəулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынуда

5de41403-3ef1-4de2-93ab-5e61ecd7ef78Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие мырзаны қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басында «Golden Camel» ЖШС-нің бастамасымен түйе сүті – шұбатты қайта өңдеуден өткізіп, одан құрғақ қоспалар өндіру жобасына кіріскен болатын.

Кездесуде Янг Цие мырза Түркістандағы индустриалды аймақтан бой көтеріп жатқан осынау жобаның іске асырылуын жеделдетуді облыс әкімінен өтініп, осы күнге дейінгі көрсетілген көмектер мен қолдаулар үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, аймақ басшысы жобаның өңіріміз үшін маңызды екенін атап өтіп, тиісті сала басшыларына оның әкімшілік кедергілерсіз жүзеге асуына барынша атсалысуды тапсырды.

Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта шұбатты өңдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысының бірінші кезеңі жүруде. Жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы зауыттың құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Кеден Одағы елдері мен Қытайға экспортталмақ.

Еске салайық, жалпы құны 8 млрд. теңге болатын аталған жобаны іске қосу туралы меморандум осы жылдың сәуір айында өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында түзілген болатын. Онда осы сынды жалпы сомасы 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here