Домой Қоғам Астана Астанада «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды

Астанада «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды

Астанада «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды

Елордада «Астана Эко Стандарт» жылыжай кешенінің базасында «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды, онда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірге фермерлер мен кәсіпкерлер де көкөніс өсіру бойынша озық білім алатын болады. Ал келесі жылдың қыркүйегінде бұл жерге ең озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған жылыжай кешені орнатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана әкімдігі оның құрылысына арнап жер телімін бөлді. Оның жалпы ауданы 8 200 ш.м. Біз салат пен қиярдың ең жақсы және сұранысқа ие сұрыптарын өсіруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлім етті «Астана Эко Стандарт» ЖШС директоры Жеңіс Досмағанбетов таныстырылым барысында.

Құны 7,1 млн евроны құрайтын жобаға оқыту орталығы мен жаңа жылыжай кіреді, ол Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін, соның ішінде су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Жобаның атқарушы әріптестері  БҰҰДБ және БҰҰ  ЕЭК.

БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханым бұл жоба бизнес секторда «жасыл» экономиканың қағидаттарын енгізудің көрнекі мысалы болатынына үміт білдірді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ проректорының м.а. Нұрлан Серікпаев еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірлескен оқу орталығын құру алдағы уақытта жылыжай шаруашылығының дамуына ықпал етіп, республиканың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.

«Бүгінгі күні біз жан басына шаққандағы ұн өндірісі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Егер көкөніс өнімдері туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, солтүстік және орталық облыстар және жалпы Қазақстан көкөністің 80 % сырттан әкеледі, сол себепті қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығын  дамытудың маңызы зор, — деп атап көрсетті ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here