Бүгін ғаламтор желісінде Оңтүстік Қазақстан облысында газдың сатылу бағасын 62 теңгеге көтеріледі деген дереккөзі белгісіз жалған ақпарат тараған болатын.
Өңір тұрғындарының назарына ОҚО-дағы табиғи газдың сатылу бағасы табиғи монополияларды реттеу комитетімен 2016 жылы 1 шілдесінен бастап:
— жеке тұлғаларға сатылатын 1000 м3 газдың бағасы 31 341,09 теңге;
— заңды тұлғаларға 34 749,08 теңге;
— жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін 1000 м3 газдың бағасы 21 714,64 теңге болып бекітілгенін хабарлаймыз.
Бұл тариф бағасы 2016 жылдың соңына дейін өзгермейтін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ғаламтор желісінде газ бағасының көтерілуі туралы негізсіз ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Респуликасының қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес, «Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып қоғамдық тәртіпті бұзу қауіпін туғызған немесе азаматтардың құқықтарына және ұйымдардың немесе қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделеріне айтарлықтай нұқсан келтіргендерге ірі көлемде айыппұл салу немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беру» белгіленгенін ескертеміз.