Бүгін «Астана» ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Астана қаласы жас суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Молдабековтің «Ұлы Дала сыры» жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Көрме 2016 жылғы 14 қарашаға дейін өтеді. Онда жас суретшінің қазақ халқының тұрмыстық және мәдени өмірінен алынған таңғажайып пейзаждар, натюрморттар мен қазақ аруларының сұлу бейнелерін суреттеген туындылары қойылды.
Суретші жас болғандығына қарамастан, оның шығармашылық туындылары танымал және көпшіліктің көзаймына айналып үлгерді. Жеңістің еңбектері философиялық ойларға, нәзік сезімге толы. Қазақ халқының тарихын білетіндігін, Жібек Жолын бойынан орын алған Отырар мен Түркістан секілді байырғы қалалардың (суретшінің туған өлкесі) тарихының дамығандығын оның туындыларынан байқауға болады. Жеңістің туындылары еліміздің музейлерінде сақтаулы және Қазақстан мен шетелдің жеке коллекцияларының қатарынан орын алған.