Домой Қоғам Алматы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алматы облысында

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алматы облысында

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алматы облысында

2eccca263374c1152484e0786e57ba97Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.

Ең алдымен А. Мамин Талдықорған әуежайының ғимаратын аралап көрді. Облыс әкімі А. Баталов ұшып-қону жолақтарының жаңғырту жұмыстары, авиаотрядтың алдағы атқаратын жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар өңірдегі туризмді дамыту, соның ішінде Алакөл көлі маңында туризмді дамытуда қолға алынып жатқан шаралармен таныстырды.

Мұнан кейін ресми делегация Алматы – Өскемен автокөлік жолын жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Автокөлік жолын жаңғырту жобасының атқарылу жайлы Инвестиция және даму вице-министрі Берік Қамалиев хабарлады.

Берік Қамалиевтің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Алматы — Өскемен» трассасының 112 шақырымдық жолына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 20,2 млрд. теңге бөлінген. 2016 жылға дейін республикалық маңыздағы бұл жолдың 128 шақырымы пайдалануға берілген. Ал биылғы жылы 94 шақырымын, атап айтқанда цемент бетон жабынды 32 шақырым, асфальт бетонды жабын төселген  62 шақырымын іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде 112 шақырымның 4 учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Келесі кезекте А. Мамин Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабындағы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты. Оңтүсік-Батыс тұрғын үй алабының макеттері көрсетіліп, бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандары мен газдандыру мәселесі жайлы толыққанды ақпарат берілді.

Жалпы 2012 жылдан бері бұл жаңа ауданда жалпы алаңы 87,8 мың шаршы метр болатын 23 жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1619 отбасы баспаналы болған. Бүгінгі күні 5 коммуналдық үйдің құрылысы жүріп жатыр. 6,7 шағын аудандар магистралды инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта 8, 9, 10 шағын аудандарды 1,8 млрд. теңгеге электрмен, жылу жүйелерімен, телефон байланысымен қамту жоспарланған. А. Мамин 8-10 шағын аудандарды салу жобасын «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде дамытуды тапсырды.

Бірінші вице-премьер «Талдықорған» индустриалды аймағына да атбасын тіреді. Облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы М. Мұрат «Талдықорған» индустриалды аймағында бүгінгі күні жалпы 350 адамды жұмыспен қамтыған 5 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Алдағы уақытта мұнда 13,4 млрд. теңге инвестиция салынып, 1267 жаңа жұмыс орнын құратын тағы 10 кәсіпорын орналасады деп жоспарланып отыр. Индустриалды аймаққа инфрақұрылым нысандарын салуға 4,2 млрд. теңге қарастырылған. Өткен тоғыз ай ішінде 2,0 млрд. теңге қаржы игерілді. Қазіргі кезде нысандарда инженерлік желілері мен көлік инфрақұрылымы, 10 Квт кабель жүйесі, сыртқы байланыс, кәріз және су жүйелері, темір жол жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар Алматының 4 серіктес қаласының индустриалды аймағы мен аудандардағы өнеркәсіп аймақтары туралы да мәлімет берілді.

Түстен кейін бірінші вице-премьердің сапары «Қорғас» ХШЫО-да жалғасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here