Домой Қоғам Алматы Алматы облысында бір ғана жылыжайдан 40 мың тонна қияр мен қызанақ алынбақ

Алматы облысында бір ғана жылыжайдан 40 мың тонна қияр мен қызанақ алынбақ

Алматы облысында бір ғана жылыжайдан 40 мың тонна қияр мен қызанақ алынбақ

Алматы облысында қияр мен қызанақ көптеп өсірілмек. Осы мақсатта Қапшағай қаласындағы «Green land Alatau» жылыжайы инвесторларды тартпақ. Бүгін жобаның мән-жайын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге таныстырды.

Қазіргі таңда жылыжайдың жалпы аумағы 10 га жерді құрайды. Аталған жобаны «ҚазАгро» арқылы жүзеге асыру мүмкін болған. Енді инвесторларды тарту арқылы табиғи таза өнім көлемі еселеп артпақ. «Green land Alatau» жылыжайының бөлім басшысы Ескендір Мұхамеджановтың айтуынша, алқап көлемі 60 га дейін жеткізілмек.

«Мұндай алып жобаны жүзеге асыруға индустриялық аймақтың үлесі зор. Бізге барлық жағдай жасалған. Өздеріңіз білесіздер, жылыжай салу өте машақаты көп шаруа. Жергілікті биліктің қолдауының нәтижесінде жұмысымызды жандандырып жатырмыз», — дейді «Green land Alatau» жылыжайының бөлім басшысы Ескендір Мұхамеджанов.

Енді 6 мың тонна өнімді 40 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Аталған жоба Алматы облысындағы «Береке» индустриялық аймағында жүзеге асуда. Инвестицияның жалпы құны 66 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды.

Айта кетелік, қазіргі таңда Алматы облысында индустриялық аймақта түрлі жобалар жүзеге асуда. Алдағы уақытта ет өңдейтін кәсіпорын іске қосылмақ. Басым бөлігі қой етіне бағытталмақ. Бүгінде облыс бойынша 4 млннан астам қой бар. Алайда, оны заман талабына сай өндейтін кәсіпорын жоқ. Енді Германияның «Baumann» компаниясы мәселені қолға аламыз деп отыр. Аталған кәсіпорын 1937 жылдан бері нарықта қой етін өңдеумен айналысып келеді. Жоба ойдағыдай жүзеге асса экспорт көлемі артады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here