Алматы облысындағы 12/740 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен 50 жеткіншек танысты.
Кербұлақ ауданында екі күнге жалғасқан шара барысында олар әскердегі өмірді көріп, қару-жарақтарды меңгеріп, түрлі жарыстарға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ сапта жүруді үйренген жастар, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен етене жақын әңгімелесіп, жауынгерлік астан да дәм татты. Мұндағы басты мақсат жас өрендер бойында патриотизмді қалыптастыру. Отан қорғауға деген құлшынысын арттырып, әскери адамның оң имиджін қалыптастыру, дейді ұйымдастырушылар. Ал «Өрлеу» әскери-патриоттық лагеріне Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жетісу жастары ұйымының конгресі ұйытқы болды. Аталған шараны дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.