Домой Қоғам Алматы Алматы облысындағы ветеринариялық ахуал тұрақты

Алматы облысындағы ветеринариялық ахуал тұрақты

Алматы облысындағы ветеринариялық ахуал тұрақты

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beВетеринария мамандарының негізгі жұмысы жануарларды аурулардан қорғау және емдеу. Ал ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің арғы жағында адам, қоғам денсаулығы тұр. Сондай-ақ, ветеринария өкілдері қоршаған ортаның ластануының алдын алу, еліміздің тұрғындарын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардан таралатын жұқпалы және экзоотикалық аурулардан қорғап, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру жолында да жұмыс істеп келеді. Осындай ауқымды міндеттерді орындау үшін Алматы облысы аумағындағы ветеринариялық станциялар мен қосындардағы екі мыңға жуық маман өз қызметтерін абыройлы атқаруда.

Алматы облысы бойынша ағымдағы жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуын жүзеге асыру үшін 1 млн. 700 мың теңгеден астам қаржы бөлініп, оның жыл басынан бері 92,4%-і игерілген. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бекежан айтты.

Ветеринария саласында малға да, адам өміріне қауіпті болып келетін кеселдерді емдегеннен гөрі, оларды болдырмауға күш салып, алдын алу және диагностикалық зерттеу жұмыстарын сапалы, уақытылы орындауға ден қойылған. Бұл мақсатта облыс бойынша аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар мен ауылдық округтердегі қосындардағы мамандардың кедергісіз жұмыс істеуі үшін 257 жеңіл автокөлік сатып алынған.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың басынан жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 70 ошағы тіркелген болатын. Бүгінде олардың 49-да тиісті ветеринариялық-сауықтыру шаралары атқарылып, эпизоотиялық ахуал қалыптастырылған. Қалған 21-де сауықтыру шаралары жүргізілуде.

— Иә, жануарлардың аса қауіпті және созылмалы жұқпалы ауруларының алдын алуда ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды уақытында жүргізудің маңызы ерекше. Бұл шараның атқарылуын жүзеге асыру үшін мал қоралары мен орындарына механикалық тазалау, санациялау жұмыстарын жүргізуге аудандық (қалалық) ветеринариялық бөлімдер тарапынан мал иелеріне берілген нұсқамаларға сәйкес, 132 578 шаршы метр болатын 259 нысанға дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстардың сапалы орындалуы үшін облыстағы 19 аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялар арнайы дезинфекциялау қондырғыларымен жабдықталған ДУК автокөліктерімен қамтамасыз етілген, — деді Нұрлан Жебегенұлы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here