2016 жылдың 1 қарашасында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 33,6 мың бірлікті құрады. Олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5247 субъектіге немесе 18,5%-ға өсті, деп хабарлайды Статистика департаменті.
Соның ішінде 97,7%-ы — шағын, 1,5% — орта және 0,8% ірі болып табылады. Олардың негізгі саны «Алматы» — 49,8% және «Сарыарқа» — 31,4% аудандарында шоғырланған.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ең көп саны сауда — 24,9%, құрылыс — 23,5%, өзге де қызметтерді көрсету — 9,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 7,8%, өнеркәсіп саласы — 5,6%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет — 5,2% салаларына шоғырланған.
Үстіміздегі жылдың қазан айында 552 компания бастапқы тіркеуден өтті, ал бизнестің 75 субъектісі таратылды.