«Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ елорда әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Қазақ қызы» байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жобаның ерекшелігі– жеңімпаз сұлулығына қарап емес, қазақ халқының мәдени-адамгершілік және отбасылық дәстүрлерін білуіне қарай анықталды.
Жарыстың финалына 125 үміткердің ішінен 20-сы өтті. Байқау барысында 16-дан29 жасқа дейінгі арулар шеберлік байқасты.
«Қазақ халқының салт-дәстүрін білгенімен қатар, оларды күнделікті өмірде пайдалану керек. Мысалы, аспаздық. Қазіргі заманда қыздардың кейбірі ұлттық тағамды әзірлеу білмейді, біздің конкурс отбасылық дәстүрлерді жандандыруға және насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге, қыздар мен жас әйелдерді қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартуға бағытталған», — дейді «Әйелдер — ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина.
Байқау барысында арулар ас әзірлеу, тігу мен тоқу өнерінен сайысқа түсті, Абайдың қара сөздерін оқыды, сондай-ақ, ән айтып, би биледі, актерлік шеберліктерін ортаға салды. Финалдың бес кезеңінің қорытындысы бойынша «Инабатты қыз» номинациясы бойынша Жанкерке Тынышбаева үздік шықса, Арайлым Советжан «Өнерлі қыз» атанды, «Ісмер» — Зумрат Қайроллаева, «Зерделі» — Айым Дәуіт, «Тіл шебері» — Гауһар Кішірбаева, ал Дана Еламанова нағыз «Қазақ қызы» титулына ие болды.