Домой Қоғам Астана Елорда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға дайындалуда

Елорда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға дайындалуда

Елорда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға дайындалуда

Астана ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында түрлене бастады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қалада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» көлемді жазу түріндегі конструкциялар орнатылуда. Елорданың сол жағалауы шамдарға ілінетін жалаулармен безендіріледі, ал қала көшелеріне түрлі инсталляциялар мен тақырыптық паннолар орнатылады.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «25 лет Независимости Казахстана» инсталляциялары әр түрлі көлемде жасалды, ал түнгі уақытта әріптер жарықтандырылады. Үлкен конструкциялардың ұзындығы 50 метрге жуықтаса, композицияның жалпы биіктігі 2,5 метрді құрайды, ал шағын конструкциялардың ұзындығы — 30 метр және биіктігі — 1,5 метр. Көлемді әріптерді Ақорда ғимаратының, «Бәйтерек» және «Мәңгілік ел» монументтерінің алдындағы алаңдардан, Қаржы министрлігі ғимаратының алдынан, Дөңгелек алаңнан, «Жастар» театрының қасынан, Орынбор және Сығанақ көшелеріндегі жолайрықтан (ҰҚК ғимаратына қарсы) көруге болады. Кейбір жерлерге инсталляциялар орнатылып қойылды, ал жұмыстар толықтай 20 қарашада аяқталады.

«Есіл» ауданында Сарайшық, Қонаев, Достық, Сығанақ, Орынбор көшелерінде, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарында жарықтандыру бағаналарына жалаулар ілінеді, сондай-ақ, «Бәйтерек» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы» монументтерінің алдындағы алаңда байрақты конструкциялар орнату жоспарланған. Сондай-ақ, «Арай» бағында түрлі-түсті панно қойылады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Астана Опера» театрының және «Қазақстан» Орталық концерт залының алды байрақты конструкциялармен безендіріледі.

Жұмыстар 25 қарашада басталады. Қала көшелері мен нысандарын безендіру ісі «Сарыарқа» ауданында да қолға алынған. Онда да түрлі инсталляцияларды, паннолар мен байрақты конструкцияларды орнату жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Сарыарқа, Бөгенбай батыр және Республика даңғылдарында тіректерге 101 жалау ілінді, сондай-ақ, Сарыарқа ауданы әкімдігі ғимаратының алдына көлемді әріптерден құралған конструкция орнатылды. Елорданың Алматы ауданында 22 жарық-иллюминациялық арка және 305 панель орнатылады. Жарықтандыру тіректеріне — 392 ілінеді, ал стационарлық жалаусапқа 76 ту ілінеді. «Жерұйық» демалыс саябағы байрақты панномен безендіріледі, сондай-ақ, тақырыптық кіші сәулеттік пішіндер, Уәлиханов және Кравцов көшелерінің қиылысындағы үйдің шатырында ақпараттық жазу орнатылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here