Домой Қоғам ОҚО ОҚО-да жас сарбаздар әскерге аттанды

ОҚО-да жас сарбаздар әскерге аттанды

ОҚО-да жас сарбаздар әскерге аттанды

e7ea784a-0427-4326-9e0a-1bdb6d31911eБүгін күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімшесінің жаттығу алаңында жастарды ҚР Қарулы күштері қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облысының 55 азаматы еліміздің құрлықтық әскер бөлімшелеріне қысқа мерзімді отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Аталған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, ертеңгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тіледі.

«Биылдың өзінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында 2,5 мыңнан астам оңтүстік азаматтары бар. Әр адам отанын сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни еліміз дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр адам өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін. Жас сарбаздарға елді қорғауда табыс тілеймін»,-деді облыс басшысы.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында, жас буын отан алдында мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығын және егемендігін сақтау үшін әскери борышын өтемек. Салтанатты шара барысында сарбаздар әскери көрнекі қойылым көрсетіп, арнайы киімдер мен техникалардың көрсетілімін ұйымдастырды. Ал, жаттығу кешенінде әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің түлектері БМП-2,Т-2 құрлық әскерлері жауынгерлік техникаларының стимуляторында өз күштерін сынап көрді.

Естеріңізге салсақ, күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қазаннан басталды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқармалары ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға 4 мыңнан  астам адамды отан алдындағы борышын өтеуге жібереді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. Ағымдағы жылдың 24 қазаны мен 19 қараша аралығында Шымкент қаласының орталық жинақтау бекетінен 500-дей әскери міндеттілерді ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне шығарып салу жоспарланып отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here