22 қарашада «Керуен» ойын-сауық орталығының 3 қабатындағы Фудкортта Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жобасы аясында «Шарықтасын Әнұран!» атты ҚР Мемлекеттік Әнұранының мәтінін жатқа айтуға арналған конкурсын өткізілді. Мәтінді жатқа айтқан әрбір азаматқа сыйлықтар табысталды.
Шараға Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйтқы болды.
Сондай-ақ қазіргі кезде әлеуметтік желілерде кеңінен танымалдыққа ие болған «Mannequin Challenge» (#mannequinchallenge) флешмобына барлық адамдардың қатысуға ерік берілген. Аталған флешмоб ерекшелігі манекен сияқты қимылсыз қатып тұратын жастардың қолында мемлекеттік ту мен жалаушалар болады.
Қала бойынша тақырыпқа сай безендірілген қосымша 2 автокөлік Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған логотипімен жүріп, кездейсоқ азаматтардан ҚР Мемлекеттік Әнұран мәтінін жатқа айту бойынша сауалнама жүргізді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – Қазақстандық патриотизмді нығайту, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жастар, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау және қызықты уақыт өткізуін ұйымдастыру.