Домой Қоғам Алматы Алматы облысында келелі мәселелер талқыланды

Алматы облысында келелі мәселелер талқыланды

Алматы облысында келелі мәселелер талқыланды

09415d479916422b66bd70dc177ff241Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – Балқаш және Ұйғыр аудандары әкімдері аппараттарының тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жүргізу жұмысы туралы облыс әкімі аппаратының басшысы С. Дүйсембінов баяндама жасады. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, қолданыстағы мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 174 түрін ұсынады. «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі бойынша 91337, электрондық үкімет порталы бойынша  — 27845 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2016 жылғы 10 айдың ішінде мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзудың алдын алу мақсатында 21 семинар-кеңес,  оның ішінде 14 көшпелі семинар-кеңес өткізген. Осы жұмыстардың аудан, қалаларда жүргізілу барысына тоқталып, кемшіліктері де айтылды.

Екінші мәселе — «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ. Айтжанов баяндады.  Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға  биылғы жылы 17,9 млрд. теңге бөлінген. Жыл басынан бастап 27 мың 600 адам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде бүгінгі күнге 419 жобаның 293-і немесе 69%-ы бойынша жұмыстар аяқталды. Екінші бағыт бойынша 2,5 мың қатысушыға шағын несие берілген. Несие алған бағдарлама қатысушылары арқылы қосымша 2 600 жұмыс орны құрылды. Шағын несие алушылардың негізгі бөлігі — 84% ауылшаруашылық тауарларын өндірсе, 10% қызмет көрсету саласында өз ісін ұйымдастырып, кеңейтті, ал 6% — құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, киім-көрпе тігу цехтары, т.б.шағын өндірістерді ашқан. Дегенмен шағын несие беру ісі Кербұлақ, Алакөл, Қаратал, Ескелді секілді кейбір аудандарда баяу жүргізіліп жатқаны да тілге тиек етілді. Зейнетақы аударымдары бойынша ең төменгі деңгейді көрсетіп отырған және басқа да осы салада кемшіліктерге жол берген аудандар атап өтілді.

Жарыссөзге шыққан Қаратал ауданының әкімі Қ. Бисембаев, Балқаш ауданының әкімі міндетін атқарушы С. Смағұлов Ұйғыр ауданының әкімі А. Тохтасунов және басқа да азаматтар күн тәртібіндегі екі мәселеге қатысты өз өңірлерінде атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді жоюдағы алдағы жоспарларына тоқталды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармаларға мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері туралы халыққа жете түсіндіру, халықты жұмысқа орналастырудың нақты шараларын пысықтау, жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапалы аяқталуын, шағын ниесе қаражатының мақсатты және толық игерілуін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here