Домой Қоғам ОҚО Шығармашылық байқау — Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Шығармашылық байқау — Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Шығармашылық байқау — Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

25-31Бүгін «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында облысымыздағы түрлі этнос жастарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған шараға жоғары және арнаулы оқу орындарынан және мектептерден 60 жас қатысты. Іс-шараға облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Байқонақов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз жайлы қалам тербеген жастардың шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, үздік деп танылған сегіз туындыны республикалық байқауға жолданды. Айта кетеу керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш байқау қараша айының 22-24 күндері аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here