Домой Қоғам Астана Астанада ел тәуелсіздігіне арналған шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды

Астанада ел тәуелсіздігіне арналған шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды

Астанада ел тәуелсіздігіне арналған шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды

c-3Қазақстан халқы Ассамблеясының «25 жұлдызды күн: «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жоспарын іске асыру шеңберінде №31 орта мектепте «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» жалпыреспубликалық шығармалар байқауының 1 кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шығармашылық сайысқа қатысушылар төрт топта жарысқа түсті: 7-9 сынып оқушылары, 10-11 сынып оқушылары, кәсіптік мектеп оқушылары, сондай-ақ, елорданың оқу орындарының оқытушылары, этномәдени бірлестіктердің өкілде, қоғамдық қайраткерлер мен мемлекеттік қызметшілер.

Байқау қорытындысы бойынша 8 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Бірінші топта №32 МГ оқушысы Дегтева Полина 1-орын, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Демисенов Алдияр мен №79 МЛ оқушысы Төреқұлова Аружан 2-орын , №37 МГ оқушысы Усманова Юлдуз бен №3 мектеп оқушысы Асель Ахметова 3-орын алды. Екінші топта №59 МЛ оқушысы Алдаш Аружан жеңіске жетті. Ал үшінші топта Гуманитарлық колледж студенті Айна Алпыспай мен «Даналық» колледжінің өкілі Любовь Савицкая бірінші орын алды.

«25 жұлдызды күн аясында бүгін – Мемлекеттік тіл күні аталып өтілуде, сондай-ақ, ел тәуелсіздігі тақырыбына арналған шығармалар байқауының қорытындысы шығарылды.  Елорданың Білім басқармасының өкілдерінің, әдістемелік кеңестің және мұғалімдердің жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды. Байқауға қатысушылар қазақ тілінде шығарма жазды, бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны меңгеру аясын кеңейтеді», – деп атап өтті Астана қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Гүлнар Тайгокова.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here