Домой Қоғам Алматы Субсидиялауға Алматы облысында өтініштер қабылданып жатыр

Субсидиялауға Алматы облысында өтініштер қабылданып жатыр

Субсидиялауға Алматы облысында өтініштер қабылданып жатыр

85933d2a0cec38bae570705c5be975d6Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің кредиттік-лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтініштер қабылдау жалғасуда.

«Қазагромаркетинг» АҚ, Алматы облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің кредиттік-лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін  қаржы институттарынан құжаттар қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Бағдарламаның шарттары бойынша: айналым қаражатын толықтыру,  негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс, ауыл шаруашылығы малдарын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алу лизингінің сыйақы ставкалары, сонымен қатар,  айналым қаражатын толықтыру,  негізгі құралдарды сатып алу және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малдарын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алу үшін қарызға алынған  қаражаттарды толығымен немесе ішінара өтеудің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 7 % немесе 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 % немесе 7 (жеті) %-ға төмендетіледі.

Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтініштерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібі  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  «Кредиттер, сондай-ақ, технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі және ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген.

Бағдарламаны іске асыру аясында атқарылатын қызметті көрсетуші Оператор болып  агроөнеркәсіп кешені саласында жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған «Казагромаркетинг» АҚ анықталған.

 Оператордың мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Толебаева көшесі 100, 36 оф.

«Казагромаркетинг» АҚ  Call-орталығы 8 800 080 70 80 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here