Домой Қоғам ОҚО Оңтүстіктен шыққан өнер жұлдыздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктен шыққан өнер жұлдыздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Оңтүстіктен шыққан өнер жұлдыздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

img_9712_0Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен «Туған елге тағзым» атты қайырымдылық концерті  өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қайырымдылық концертке еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Шаншар», «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент-шоу» сатира театрларымен қатар облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, сондай-ақ,  қазақ эстрадасына танымал Марат Омаров, Таңат Мамырханұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада Байпатшанова, Қанат Үмбетов сынды әншілер қатысып, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.

Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті  аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді.

«Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов барша қатысушы ордалы Оңтүстік өңірінің төл перзенттеріне алғысын білдірді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстағы барлық мәдени мекемелер мен мәдениет үйлерінің өнер қызметкерлері тұрақты түрде өңіріміздегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барып, арнайы қойылымдар мен іс-шаралар ұйымдастырып балғын балаларды қуантуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here