Домой Жаңалықтар Қоғам Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады

Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады

Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады

sport-fonАлматыда қала әкімдігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында екі компаниямен салауатты өмір салтын, спортты, қаланың экологиялық қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған ынтымақтастық жөнінде екі жақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы кәсіпкерлердің жұмыс орындарын ашып, салық төлеумен қатар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып отырғандығын атап өтті.
«Алматы еліміздің ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды және Қазақстан кірісінің 30%-ын береді, сондықтан қалада бизнес-қоғамдастықтың жұмысын жандандыра түскен жөн. Қаланың басты міндеті — іскер экономикалық ахуалды қалыптастыру, бизнестің нәтижелі әрі белсенді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті мүмкіндікті жасау. Біз барлығына ашықпыз, артықшылық принципі жоқ, қалалықтардың жақсы жағдайы үшін жұмыс жасайтындардың барлығын қолдаймыз», — деді Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде «Астана Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров айтып өткендей, Меморандумға қол қою арқасында қала тұрғындары мен қонақтарына таяу арада кроссфит форматындағы 50 жаңа спорт залдары, сонымен қатар «Стрит Воркаут» спорт алаңы іске қосылады. Бұлардан өзге жас кәсіпкерлер үшін коворкинг орталығы ашылып, фин технологиясы бойынша үйқұрылысы комбинаты пайдалануға беріледі.
Меморандумға сәйкес «АвтоГаз Трэйд» ЖШС Түрксіб ауданында көпфункционалды спорт кешенін және қаланың ішкі аулаларында 15 балалардың ойын алаңын салады.
Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында газбен қамту станцияларының желісін дамытады. Биылғы жылдың аяғына дейін газбен жабдықтайтын 20-дан астам станцияға газ қондырғылары орнатылады және станциялар саны 20-дан 35 пайызға, ал келер жылы 50 пайызға жетеді. Әкім бұл жобаның маңызы үлкен екенін, көлікті бензиннен сұйық газға көшіру қаланың экологиялық ахуалын жақсартумен қатар автокөлік иесінің қаржысын да үнемдейтінін атап өтті.

strategy2050.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here