Домой Жаңалықтар Қоғам 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі

82f685928a4a04dce5fd0aed4caaafa52018 жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер енгізіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлімдеді. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

«Бүгінгі күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға республикалық бюджеттен табысына қарамастан арнаулы жәрдемақы беріледі. Ал жергілікті бюджеттен жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болса тек отбасындағы балаларға, ал 40 пайыздан төмен болса жан басына берілетін атаулы әлеуметтік көмектер қамтылған. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек түрлерінің көптігі, оларды тағайындауға қарастырылған шарттар, әрқайсысын алуға қажетті құжаттар топтамасы, оларды орталық атқарушы органдарға тапсыру секілді жұмыстар мемелкет ұсынатын атаулы әлеуметтік көмекті күрделендіріп, икемсіз жүйеге айналдырды», — дейді министр Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттер тәжірибесін ескере отырып, заң жобасында жоғарыда көрсетілген үш әлеуметтік төлемнің орнына отбасының табысына сәйкес берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау көзделеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, заң жобасында атаулы әлеуметтік көмектер бұған дейін беріліп келген мөлшерден кем болмауы үшін кедейшілік шегінің 40 пайызынан 50 пайызға қарай көтерілмек. «Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесіне тағайындалатын болады. Алушылар бір ғана пакет құжаттарды тек жергілікті органға ғана тапсырады», — дейді Т. Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір ерекшелігі егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік жұмыс ұсыну аясындағы келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады. «Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады», — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістерді 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу көзделеді. Бұл ретте жаңа форматтағы әлеуметтік көмектер үшін 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 11,8 млрд теңге қарастырылған.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here