Домой Қоғам Астана Астанада орта білім жүйесіндегі бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Астанада орта білім жүйесіндегі бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Астанада орта білім жүйесіндегі бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

cЕлорданың М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қ. Білім басқармасының қолдауымен «Білім саласындағы трансформация: дәстүрлер мен инновациялардың диалектикасы» халықаралық білім форумы өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орта білім саласында осындай ауқымды шара алғаш рет өтіп отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Польша, Украина, Словения, Болгария, Беларусь елдерінің делегаттары қатысуда. Белгілі ғалымдар, орта білім беру және жоғары оқу орындарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері инновациялық білімді дамыту перспективаларына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Конференция Астана қаласының №47 мектеп-гимназиясы әзірлеп жатқан «Негізгі және қосымша білім беруді жобалық-зерттеу қызметі шеңберінде интеграциялау» инновациялық білім жобасын іске асыру аясында өтуде.

«Бірінші сессияның қорытындысы бойынша алты диалог алаңы жұмыс істейді, содан кейін даму мақсаттары мен бағыттары белгіленген резолюция қабылданады. Мұндай алаңдар педагогтарға және әкімшілік-басқару құрамына тәжірибе мен жаңа идеялар алмасуға мол мүмкіндік береді. Біз басқа елдерде енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар, елорданың білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістерді таныстыруға мүмкіндігіміз бар», — дейді елордалық №47 мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімі Татьяна Красухина.

Мұндай шаралар өздерінің бірегей ғылыми еңбектерін таныстыратын дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, гимназияның екінші сынып оқушысы жанартаудың жұмысы туралы жоба әзірледі. Оқушы ата-анасымен және мұғалімімен бірге жанартаудың макетін жасап, конференция шеңберінде демонстрациялық тәжірибе жүргізді, дейді педагогтар.

Конференцияның екінші кезеңі 26 қарашада № 47 мектеп-гимназияда өтеді, оның шеңберінде балалардың дарынын ашуға көмектесетін шеберлік-сыныптары, коучингтер, үйірмелер және факультативтер өткізіледі. Конференция материалдары халықаралық стандартты кітап номері берілген (1SBN) «Интеграцияда білім беру» мақалалар жинағында жарияланады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here