Домой Жаңалықтар Мәдениет Оңтүстікте жас ақындар айтысы өтті

Оңтүстікте жас ақындар айтысы өтті

Оңтүстікте жас ақындар айтысы өтті

aytys_11Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Елбасы —  елдің тірегі!» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1- желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған додада әр ауданнан келген 10 жас ақын бақтарын сынады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айтыста қара сөздің майын ішкен азулы ақындарымыз Әселхан Қалыбекова мен Анар Жаппарқұловалар қазылық етті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада жас ақындар «Тәуелсіздік» пен «Елбасы» тақырыбын жырға қосты.

Ақындардың сөз саптауы мен мақамына қарай бағалаған қазылар алқасының төрағасы Ә.Қалыбекова білім саласындағы жетістіктер мен өнерлі оқушылардың басқарма тарапынан қолдау тапқаны үшін алғысын бідірді.

Аламан бәйге нәтижесі бойынша, бас жүлдені отырарлық Мұхит Бабақұлға алса,  I орынды Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің оқушысы Дастан Орынбай жеңіп алды. Ал жүлделі  II орынды осы мектептің оқушысы Базарбек Бекжанға бұйырса, III орынды түркістандық Бақдәулет Қожанов пен Арыстан Мағжан өзара бөлісті. Сонымен қатар, төлебилік Ахай Ұлықбек болашағынан үлкен үміт күттіретінін ақын екенін көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here