Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 29 қарашада Қазақ гуманитарлық-заң университетінде Астана қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында«Жемқорлыққа және жастар арасындағы жемқорлық құбылыстарына қарсы тұру» тақырыбында пікірталас турнирінің финалы және оның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жобаның ұйымдастырушылары — Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің елордалық Департаменті.
2016 жылдың қазан-қараша айларында өткен іріктеу турларына елорданың алдынғы қатарлы жоғары оқу орындарының дебат командалары қатысты.
Елордалық 12 ЖОО-ның ішінен финалға Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының командалары өтті.
Финалдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.