Домой Қоғам Алматы Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады

Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады

Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады

20161125190834Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады. Алғашқы күл-қоқыс жәшігі қала орталығындағы  тұрмыстық техника дүкенінің маңына қойылды.

Тұрғындарға бірінші болып жастар үлгі көрсетіп, қалдықтарды арнайы жәшіктерге сұрыптап салып берді. Шара барысында ұйымдастырушылар тұтынушыларға құрамында сынап пен  түрлі химиялық элементтер бар тұрмыстық қалдықтардың адам ағзасына қаншалықты зиян екенін түсіндірді.

Айта кету керек, қаланың әр аймағында мұндай  контейнерлер үшін арнайы орындар қарастырылып, келер жылы 80 данасы қойылады деп жоспарлануда.

Ол өз кезегінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу, зиянды қалдықтарды жою жұмыстарын біршама жеңілдетеді. «Ең бастысы — қоршаған ортаға және қаламыздың тазалығына нұқсан келмейтін болады», —  дейді жергілікті билік өкілдері.

«Қоқысты қайта өңдеу фабрикасы салынып жатыр. Бұйыртса осы жылдың аяғына дейін ол мекемені біз іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз», — дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here