Домой Қоғам Алматы Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді

Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді

Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді

Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Бекетбай Дәуренқұлов түйеқұс өсірумен алты жылдан бері айналысуда. Кәсіпкердің мақсаты — осынау таңсық кәсіптің пайдасын көріп қана қоймай, туризм саласына да өз үлесін қосу.

Оның қожалығында бүгінде қырыққа жуық түйеқұс бар. Африкалық құстар жергілікті климатқа бейімделген. 40 градус аязда да өздерін жақсы сезінеді, дейді қожалық иесі. Тіпті осындай суықтың өзінде қарға аунап, шомылады екен.

Түйеқұстардың бойы 3 метр, ал салмағы жүз келіден астам болады. Тәулігіне екі жарым ғана келі жем жейді. Құстар кыс мезгілінде жұмыртқаламайды.  Ал жазда еселеп жұмыртқа береді, олардың жалпы салмағы 80 келіге жетеді.

«Біреуінің өзіне он төрт адам тойып қалады. Ал оның етін жеп көру үшін Қытай, Германиядан арнайы келетін туристер көп»,- дейді кәсіпкер Бекетбай Дәуренқұлов.

Аз тамақтанып, тез салмақ жинайтын түйеқұстар жұмыртқаны кезекпен —  аналығы күндіз, аталығы түнде басады. Құстар жетпіс жылға дейін өмір сүреді. Қазақстан нарығында түйеқұс етінің 1 келісі 10 мың теңгеге дейін барады. Ал  жұмыртқасы сатылымға бес мың теңгеден шығарылады.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here