Домой Қоғам ОҚО Еуропалық Даму банкі Оңтүстіктің инфрақұрылымын дамытуға ынталы

Еуропалық Даму банкі Оңтүстіктің инфрақұрылымын дамытуға ынталы

Еуропалық Даму банкі Оңтүстіктің инфрақұрылымын дамытуға ынталы
6_2Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнің (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы директоры Джанет Хэкманмен кездесті.  Басқосуда тараптар екі жақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Алғы сөзді бастаған аймақ басшысы, ең алдымен, мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, аталған банк өкілдігімен ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым, автожолдар салу мен әуежай құрылысын жүргізу салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Үш миллионға жуық халқы бар өңірдегі туу көрсеткішінің жоғары екенін, сәйкесінше, бұл ретте инфрақұрылымдық, әлеуметтік, коммуникациялық мәселелер жайы туындайтыны заңды екеніне тоқталған әкім, атап айтқанда, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мәселесінде қаржы бөлу қажеттігін айтты.
«Жалпы, ҚР Үкіметінен түрлі салалар бойынша көптеген қаржы бөлінуде. Десе де, мұндай халықаралық ұйымдардың қаржысы біз үшін артықтық етпейді. Аталған банкпен бірге біздің тарап Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының инфрақұрылымдарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуге әзір. Бұл қаржы институтымен бірлесе жұмыс істеудің бірінші тиімді тұсы, теңге айналымын жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, пайыздық ставкасы басқа банктермен салыстырғанда өте төмен», — деді Ж.Түймебаев.
Өз кезегінде, ЕҚҚДБ-нің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстар негізінде жұмыс істеуге уағдаласты.
Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым болып табылады. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады.
Банкінің мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы Одақ мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық негізде экономиканың дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады.
1992 жылдан бері Қазақстанмен байланыс орнатып, түрлі салалар негізінде жұүмыс істеп келе жатқан банк өкілдігі биылдың өзінде еліміздегі әртүрлі 28 жобаға 703 млн. еуро көлемінде қаржы салған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here