Домой Қоғам Алматы Алматы облысының полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция бастады

Алматы облысының полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция бастады

Алматы облысының полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция бастады
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысының Ішкі істер департаменті арнайы акция бастады. Оның аясында 25 қайырымды іс жасамақ ниетте.

Бүгін арнайы шара «Айналайын» балалар үйінен басталды. Тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы полиция қызметінің орнын, аталған қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ІІД мұражайында, Кинологиялық қызмет орталығында экскурсия ұйымдастырылды.   Мұражайда балалар полиция қызметінің тарихымен, сонау тәуелсіздік алған жылдардан бергі бергі ішкі істер саласындағы жаңғырту жұмыстарымен және ондағы тарихи құнды заттармен танысуға болады. Сонымен қатар, Алматы облысындағы қоғамдық тәртіпті күшейтуге зор үлес қосқан тарихи тұлғалар, қызмет бабында қайтыс болған ерлер мен қаһармандар туралы мағлұматтардан кеңінен мағлұмат алуға болады.     Іс-шарада ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Жандос Нугиланов ІІД басшыларының атынан тәрбиеленушілерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отырып, «Сіздердің де араларыңыздан болашақта еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын азаматтардың шығатынына сенімім мол!»,- деп ақ жол тіледі.

Оған қоса, кинология қызметкерлері балаларды полиция қызметіндегі иттердің атқарар рөлі туралы кеңінен баяндап, балаларға сол иттердің қатысуымен дайындалған көріністер көрсетті. Балаларға олармен жақынырақ танысып, суретке түсулеріне да мүмкіншілік туғызды. Шара соңында полиция қызметкерлері балаларға өздерінің сыйлықтарын табыстады.   Одан әрі, «25 қайырымды іс» акциясы «Аналар үйінде» жалғасын тапты. «16 күн зорлық-зомбылықсыз» тақырыбы аясында жалғасқан бұл акцияда ІІД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы, әйелдер құқығын қорғау орталығы қызметкерлерінің қолдауымен, «Аналар үйіндегі» жандарға психологиялық және заңды кеңестер берілді. Оның ішінде мекенжай бойынша тіркеу, жеке бастың құжаттарына қатысты және өзге де сұрақтар бойынша мәселелер қаралды. Айта кететіні, мұнда жас сәбиі бар, алайда барар жері жоқ, өзгелерден қолдау іздеген аналар көптеп келеді.

inform.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here