Алматы облысында 100-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды.
30-ға тарта жеңіл автокөлікпен 100-ге жуық адам Сарыөзек-Көктал жолының бойында қар құрсауында қалған. Қазір аталған аймақта жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінше, жолда қалғандардың ішінде үсік шалған адам жоқ. Барлығына дер кезінде көмек көрсетілген. Оларды жақын маңдағы елді-мекендерге жеткізген. Әзірге автокөліктерді қардан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған аймақта әлі жол жабық. Сол себепті, жолаушыларға жолға шықпау жөнінде ескерту жасалады. Сондай-ақ, төтенше жағдай саласының өкілдері алдын ала ауа райының қолайсызығына байланысты ұялы телефондарға смс хабарламаларын жолдап жатыр. Өз кезегінде тұрғындар осы ақпаратқа құлақ асса дейді.