Ертең «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы — 2016» жастар сыйлығының марапаттау кеші өткізіледі. Шараның мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, үлгілі және талантты жастарға қолдау көрсету.
Салтанатты кеш барысында қатысушылар «Жас журналист», «Үздік студент», «Жас ғалым», «Жас әскери қызметкер», «Жас маман», «Жас дәрігер», «Жас өнерпаз», «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жас ұстаз», «Жас кәсіпкер», «Үздік ауыл шарушылығы маманы», «Жас саясаткер», «Үздік «Жасыл ел» сарбазы», «Жас ұлан», «Үздік ерікті», «Жас спортшы», «Жас батыр» номинациялары бойынша марапатталады.