2016 жылғы 30 қарашада Алматы облысында бір күнде 25 елді мекенде 25 балабақша ашылады. Қаратал ауданы Үштөбе қаласының «Шаңырақ» шағын ауданында сағат 320 орынды «Балбөбек» балабақшасы ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысады.
Сонымен қатар осы күні Сарқан қаласында облыс әкімінің қатысуымен қуаттылығы 172 МВт шағын ГЭС-тің ашылу салтанаты өтеді.
Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында 16 қабатты «Гранд Көктем» қонақ үй кешені пайдалануға беріледі.