Домой Қоғам Астана Елорда жастары теңге тарихымен танысты

Елорда жастары теңге тарихымен танысты

Елорда жастары теңге тарихымен танысты

c-3Бүгін қаржы саласының өкілдері елорда мектептерінің оқушылары және студенттер үшін интерактвті дәріс өткізді. Кездесу ел экономикасының басты атрибуты — ұлттық валютаға арналып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тыңдаушыларға купюра және монета түріндегі теңгенің тарихы, атауы, символдың сипаты және басқа да әлемдік валюталар туралы әңгімеленді.

«Мен балаларға біздің ақша жүйесінің қалыптасу тарихын баяндадым, олармен өз білгенімді айтып, болашақта валютаның даму перспективалары туралы, бұл бағыттағы қиындықтар қалай шешілетінін және ҚР Ұлттық банкінің ақша бірлігінің тұрақтылығы, орнықтылығы бойынша міндеттерді шешу үшін қандай шара қабылдап жатқанын жеткіздім. Ақша теориясы  өте қызық ғылым, ақша  макроэкономикалық категория ғана емес, ол әрбір үйге кіреді, ол адамдардың өмірімен, кәсіпорындамен, мемлекетпен байланысты. Сондықтан бүгінгі жастар ол туралы білуге тиіс», — деп мәлім етті экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Банк ісі» кафедрасының доценті Алмагүл Жұмабекова.

Сондай-ақ, дәріс барысында балалар білім саласына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларымен танысты.

«Егер оқуға ақша болмаса, білім несиелері бар. Мысалы, адам біраз уақыт оқып, одан ары төлеуге қабілетсіз болса, мемлекеттің кепілдігімен несие берніледі, пайыздық мөлгерлемесі әлдеқайда төмен және несиелеу мерзімі 10 жылға дейін», — дейді ҚР БҒМ Қаржы орталығы АҚ менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Дәрісті әкімдіктің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here