Балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген шығармашылық сайысқа Астана қаласының 95 мектебінің бастауыш сыныптарының оқушылары қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Комиссияның шешімі бойынша, Астана қаласының №70 мектеп-гимназиясының оқушысы Еламан Шүлембай 1-орын алды. Сондай-ақ, келесі номинацияларда жеңімпаздар анықталды: «Жүргізушіге арналған ең жақсы өтініш!» (№54 мектеп-лицейінің оқушысы Мансұр Мадетханұлы), «Маңызды жол белгілері» (№41 орта мектебінің оқушысы Айгерім Серікбаева), «Ерекшелігі үшін» номинациясында (№67 мектеп-гимназиясының оқушысы Диляра Жеңісқызы). Сайыстағы «Ең жас қатысушы» атты номинациясында № 33 мектеп-балабақшасының оқушысы Цибильский Денис арнайы сыйлық алды. Ең маңызды суреттер қаламыздың тұрақты құрылыс аялдамаларында жарияланады.
«Жас ерекшеліктеріне байланысты балалар ақпаратты сурет салу арқылы жақсы қабылдайды, сол себепті біз жолдағы қауіпсіздік білімдері мен дағдыларын бекіту үшін осындай сайыс өткізуді шештік», деп мәлім етті Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Балалардың жол-көлік апаттарына қатысуын болдырмау мақсатында Астана полициясының қызметкерлері күнделікті негізде оқушылармен профилактикалық шаралар өткізеді, жолға жақын орналасқан мектептердің маңында кезекшілік жасайды. Қалалық полиция жүйелі түрде түрлі акциялар, кездесулер және байқаулар өткізіп тұрады. Балалардың барынша көп санын қамту үшін қалалық LED-экрандарда және қоғамдық көлікте ақпараттық бейнероликтер көрсетіледі.