Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлы Дала Елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн шеңберінде елордада бірнеше салтанатты шара өтті. Соның бірі №3 мектеп-гимназияда жексенбілік мектеп оқушыларының арасында «Біз бір ағаштың бұтақтарымыз!» тақырыбымен өткізілген достық сабағы болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мерекелік сабақта поляк, неміс, шешен-ингуш, татар жексенбілік мектептерінің белсенділері өнер көрсетті. Балалар патриотизм, отнсүйгіштік және халыққа құрмет тақырыптарында өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, өз тілдерінде әндер орындады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмді қойылған мерекелік дастарқан, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі мерекенің көркін қыздыра түсті.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-інде этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары қол жеткізген жетістіктерінің көрмесі өтті.
Мұнда этномәдени орталықтардың, олардың жастар қанаттарының атқарған жұмыстарының нәтижелері, олардың қоғамдық, мәдени, көрмек және шығармашылық қызметтерінің қорытындысы ұсынылды.
Келушілер ҚХА қызметімен танысып, елордадағы этномәдени бірлестіктердің күнделікті еңбегімен танысуға мүмкіндік алды.
Ал «Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінде «Ассамблея тарихы ел тарихы халық тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтудағы ҚХА-ның роліне, жастарды патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
«Біздің мемлекетіміз өз дамуының кемеліне жетті және өзін тәуелсіздіктің 25 жылын арқалаған, толыққанды қалыптасқан мемлекет ретінде айта алады. Ал, біз әлем таныған Қазақстанның жетістіктерінде Ассамблеяның да үлесі бар екенін мақтанышпен және толық сеніммен айта аламыз»- депді елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.