17 қыркүйекте Жастар сарайында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағы ұйымдастыруымен Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті. 1/4 финалдық ойындардан жолдама алған 10 команда өнер көрсетті.
Біріншіліктің жаңа жүргізушісі — Рүстем Елжанов.
Сонымен финалдық жолдамаға таласатын командалармен таныс болыңыздар:
- «Жеті жұлдыз» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
- «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Грация» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
- «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
- «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы
- «Арнайы «АСУ» колледжі»
- «АТЭК құрамасы» — Астана техника экономикалық колледжі
- «Ақ орда» — Ақмола облысы Целиноград ауданы.
17 қыркүйек күні, сағат 16:00 және 18:00-де екі ойын өтті. Әр ойынның үздік командаларына және жалпы жартылай финалдық сайыстың үздік ойыншысына бағалы сыйлықтар табысталды. Ернат Мұхамадиев, Ақұлан Тастемір, Нұрмахан Мұқанұлы, Бекзат Дүйсенов, Әділет Төлеутаев, Әділбек Келдібай сынды танымал тұлғалар ойында қазылық етті. Командалар сәлемдесу және көрініс сайыстары бойынша жарысты. Қорытындылай келе, төменде командалар финалдық сайысқа жолдама алды.
- «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
- «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
- «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы
Финал 20 қараша күні өтеді деп жоспарланды.