Домой Қоғам ОҚО Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

Жетісайлық боксшы Ресейде өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

20161130205915Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 18 жасар Жетісайлық жерлесіміз Садриддин Ахметов алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде ел намысын абыроймен қорғады.

Абыроймен деуге толық негіз бар. Ол әуесқой бокста көп кездесе бермейтін нокаудтар сериясын жасады. Литвалық және қырғызстандық қарсыластарын нокаудпен жеңді. Алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да айқын басымдылықпен алға шықты.

Жастар құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев шәкірті туралы: «Садриддин алдыңғы жылдан бері менің командамда. Қазақстан чемпионы болды. Былтыр Азия чемпионаты мен әлем чемпионаты болмағандықтан, тек ірі халықаралық турнирлермен ғана шектелдік. Испания, Германия, Сербия және Түркия елдерінде болып жақсы нәтиже көрсетті. Барлық жаттығу жиындарында болып тәжірбиесін арттыра түсті. Айтпақшы, былтыр ол Азия чемпионатының алдында жарақат алып қалды. Бірақ, Украинадағы турнирде жеңіп шықты. Ахмедов қазір тәжірибелі боксшыға айналды» — дейді dodasport.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, білім мен өнердің, спорттың ордасы саналатын Мырзашөл өңірінен Бейжің олимпиадасында алтыннан алқа таққан Бақыт Сәрсекбаев пен Сиднейден алтынға бергісіз күміспен оралған Мұхтархан Ділдәбеков шыққан.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here