Домой Қоғам ОҚО Түркістандықтар Тұңғыш Президент күнін айрықша атап өтті

Түркістандықтар Тұңғыш Президент күнін айрықша атап өтті

Түркістандықтар Тұңғыш Президент күнін айрықша атап өтті

20161201183840Тұңғыш Президент күні мерекесін түркістандықтар ерекше әсермен атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шара Түркістан қаласындағы сазды драма теарында ұйымдастырылған. Осы театр әртістері шара басталған соң шағын қойылым ұсынып, Елбасының ел билігіне кіріскенде жүрегіндегі аласапыран күйімен арпалысатын сәтін сахналады. Көрермендердің қызу қолдауына ие болған шағын көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.Осылайша бастау алған мерекелік жиында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылыққа ыстық лебіздерін жеткізді.

Салтанатты жиында Елбасы жайында арнайы әзірленген фильм көрсетіліп, ұлт көшбасшысының әндері шырқалды. Айта кетейік, түркістандықтар мұның алдында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Түркістан және Елбасы» көрмесінің ашылу салтанатын өткізген болатын. Көрме экспозициясында қорық-мұражай қорынан мерекелі күннің маңызын аша түсетін 50-ден астам жәдігерлер қойылған.

Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев барша жұртты ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалатын ғаламат жобалар 25 жылда жүзеге асты. Халық пен мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе деп есептеймін.

Елбасымыз ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, мемлекет басшысың тарих үшін қысқа мерзімде Қазақстанның жаңа астанасын салып, шығыс пен батыстың мәдениетін үйлестірген бірегей орталыққа айналдырды.

Орайы келгенде айта кетерлігі, Елбасы мен Түркістанды егіз ұғым дер едік. Өйткені «Қазақстанның рухани орталығы» деп, мемлекет басшысының өзі атап өткендей Түркістан қаласы Президентіміздің назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Осы Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Түркістанға 13 рет келіп, 6 мемлекеттің Президенттерін Түркістанда қабылдады. Әрдайым өңіріміздің қасиетін тілге тиек етіп, Түркістанды түлетуге деген ықыласы ерекше. Соның нәтижесінде Тәуелсіздігімізбен қатар бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде Түркістанды түркі әлемінің білім орталықтарының біріне айналдырды»,-деп атап өтті қала әкімі өз құттықтауында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here