Домой Жаңалықтар Мәдениет Отырарлықтар «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» шарасында бас қосты

Отырарлықтар «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» шарасында бас қосты

Отырарлықтар «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» шарасында бас қосты

20161202083155Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» атты салтанатты шара болып өтті.

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, жастарды Отанын, халқын сүюге, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті айтулы меркелерімен құттықтады.

«Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі, еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Қазақстан — әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің көптеген өркениетті елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ұлы Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралады, өзінің көпқырлы саясатын қалыптастырды, ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізді. Ұлттық идеологияның, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары белгіленді. Елбасымыздың сөзімен айтқанда «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды…»,-деп ізгі лебізін білдірді ол.

Салтанатты шарада қазақтың халық ақыны Әселхан Қалыбекова мерекеге орай жиналған жұртқа жырдан шашу шашты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев ширек ғасырда елімізде көптеген игілікті істердің жүзеге асуы тікелей Елбасымыздың сындарлы саясатымен байланысты екендігін атап өтіп, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here