Домой Қоғам Алматы Алматы облысының 320 мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді

Алматы облысының 320 мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді

Алматы облысының 320 мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beАлматы облысындағы жалпы білім беретін мектептерде қазан айынан бастап тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және соған тікелей атсалысатын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды. Басты көздейтіні – жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде аталған клубты ұйымдастыру мәселелері мектептерде жан-жақты талқыланып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлескен ауқымды жоспары бекітілген.

«Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар секілді секциялардың басын біріктіреді. Осы жекелеген секциялардың аясында жеткіншектер арасында түрлі дәрістер оқылады, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

— Алматы облысы бойынша 741 мектептің 320-да «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары және 530 кітапханада «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылды. Оқушылар қоғамдағы өз орнын, ойларын бейнероликтер, суреттер, шығармалар, флэш-мобтар арқылы білдіре алады, — дейді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here