Домой Қоғам Алматы Алматы облысында Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Алматы облысында Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Алматы облысында Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

20161202190551ҚР халық әртісі, әнші, сазгер Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Дауылпаз тұлғаның туған жері Панфилов ауданында «Жетісудың бұлбұлы, сөз өнерінің дүлділі» атты шара алдымен ескерткіш басына гүл шоқтарын қоюдан басталды деп.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейтойға жиналған жұрт желтоқсан қаһармандарын да еске алды.

Азаттық жолында құрбан болған Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұдан кейін қонақтар Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Онда Берік Әбілханов есімді азамат әншіге арналған мемориалдық кешеннің жоқтығын ескеріп, арнайы жоба әзірлегендігін айтты. Оны аудандық өнер мектебінің алдына қойса деген ұсынысын білдірді.

Торқалы тойда Жаркенттегі орталық көшені Дәнеш есімімен алмастыру керектігі көтерілді. Сонда ауданның қос бәйтерегі Әбілхан Қастеев пен Дәнеш Рақышевтың атымен аталатын көшелер түйісіп, қонақтарды құшақ жая қарсы алғандай әсер қалдырады,- деді жазушы Бексұлтан Нұржекеев.

Ұлы тұлғаны ұлықтау шарасында қонақтарды аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев құттықтап, «Дәнеш бір туар дара тұлға» атты баяндама жасады. Ал облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді. Өңірде Дәнеш атамыздың торқалы тойына орай өткізілген шараларды тізбектеп берді. Соған ұйытқы болған Нұржан Жанпейісовпен Гүлнәр Дәнешқызына алғыс хаттарын табыс етті.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here