Домой Жаңалықтар Технология Робот техникаларының жас шеберлері

Робот техникаларының жас шеберлері

Робот техникаларының жас шеберлері

unnamedТалдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Ратмир Сартбаев, Бек Талғат және Анатолий Алексеев Астана қаласында өткен II республикалық «WRO-2015» роботты техника олимпиадасында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Нақтылап айтар болсақ, Талдықорғандық оқушылар «Ашық шығармашылық санаты, орта жастағы топ» санаты бойынша жүлделі II орынға ие болды.

Олимпиаданың өтуі барысында жас ғалымдар әділ қазылар алқасының назарына мұнай өндіру саласында қолдануға болатын роботты ұсынды. Бұл жоба білімгерлердің II орын иегері атануларына мүмкіндік берді.

Осы жеңістің арқасында, Талдықорған мектебінің оқушылары Катар мемлекетінде өтетін «WRO-2015» халықаралық роботты техника олимпиадасына қатысу мүкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат Халықаралық IT-университетінің оқу грантына ие болды.

Екі күнге созылған олимпиада байқауында Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден астам оқушы қатысты. Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың техникалық модельдеу және бағдарламалауға икемділіктерін дамыту, оларға қолдау көрсету және мектептерде білім беру барысында роботты техника бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

zhetysu.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here