Жыл сайын өткізілуі үрдіске айналған «Той қазан» фестивалі биылғы жылы да өз жалғасын тапты. 2015 жылғы 19 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткізілген осы бір ұлттық тағамдар фестивалі Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылды.
Биылғы жылдың фестиваль бағдарламасы асында: Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамдарынан алып дастархан жайылып, аспаздық флешмоб көрсетіліп, «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Күме алу» секілді ұлттық спорт ойындары ойнатылып, этностық билер мен әндерден шырқалып, кітап оқуды сүйікті ісіне айналдырғандар арасында кітап алмасуға арналған «Кітапфест» фестивалі, ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, түрлі байқаулар өткізілді. Шараның ерекше қонағы Тува қаласынан келген тамақпен ән айту бағытында өнерлерін шыңдап жүрген «Хуун-Хуур-Ту» тобы болды.
Фестиваль ұйымдастырушысы Бекнұр Қисықов 2015 жылы өткен фестивальдің күткен нәтижеден асып түскендігін атап өтті. Ауа райының түнеріп тұрғандығына қарамастан, бүгінгі меркеге 1300 адам қатысты. Келесі жылы бұл мерекенің ауқымын кеңейтіп Ресей Федерациясының аумағында осы форматтағы фестивальді өткізу туралы ресейліктерден ұсыныс түсуде.
Бұл мереке Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және «Беккер и К» компаниясының демеушілігімен өткендігін атап өткен жөн.