Домой Қоғам Астана Астанада «Мықты отбасы — мықты мемлекет» тақырыбында дәріс оқылды

Астанада «Мықты отбасы — мықты мемлекет» тақырыбында дәріс оқылды

Астанада «Мықты отбасы — мықты мемлекет» тақырыбында дәріс оқылды

c-1Кеше «Ұлы дала елі» 25 игі іс» акциясы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығында болды. Қонақтар орталықтан пана тапқандарға сыйлықтар тарту етіп, әйелдер мен балалардың мұндай жерлерге келу себептерін талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан «Мықты отбасы — мықты мемлекет» семинар-дәрісі барысында аналар мен әкелердің жауапкершілігін арттыру мәселелері, отбасылық құндылықтарды күшейту және т.б. мәселелер көтерілді.

Қатысушылар зардап шегушілердің бұл орын туралы қайдан білгені, оларға кешенді көмек қайда көрсетілетіні туралы сауал қойды.

«Қаланың барлық емханаларында ақпараттық плакаттар орналастырылған, біздің орталықтың сайты жұмыс істейді, анықтамалықтарда және Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында сенім телефоны жазылады. Басқа мемлекеттік органдармен, мешіттермен, шіркеулермен де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз», —  деп мәлім етті Астана қ. «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы» КММ директоры Ғалия Нури.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Римма Иманғазинова әйелдерге ғана емес, отбасыларға көмек көрсетудің маңыздылығын айтты. Осы орталықтың қызметі туралы мектептердегі ата-аналар жиналыстарында мекен-жайын атамастан, хабарлау қажет, өйткені зардап шеккендердің көбі өздерін ренжіткен адамдардан сол жерде жасырынады.

Семинар барысында белгілі болғанындай, ер адамдардың тарапынан борлған зорлық-зомбылықтан орталыққа әйелдердің 10% ғана түседі.

«Мұнда келгендеріне көбінесе әйелдердің өздері себеп. Біз мұны психологиялық портрет жасағанда анықтадық. Шынымен де, өздерін дөрекі ұстаған ерлерге тап болғандардың саны — 10%. Бұл жерде олармен әлеуметтік педагог, психолог жұмыс істейді, оларға өздерін күту жолдарын үйрететін визажистер, шаштараздар келеді. Тәрбиешілер бала тәрбиесі жөнінен кеңестер береді. Тіпті, кейде тамақ әзірлей алмайтын әйелдер де болады. Біздің міндет — осы жерден олардың басқа адам етіп шығару», — дейді Ғалия Нури.

Орталық құрылғалы мұнда 411 әйел келген. Бұл жерде бір айдан жарты жылға дейін, айрықша жағдайларда бір жылға дейін рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, ерлерге көмек көрсету мәселесі де көтерілді. Астана қ. «Центр дружбы женщин мира» ҚБ төрайымы Яннат Низамутдинованың айтуынша, оған психолог ретінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен ер азаматтар жиі жүгінеді екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here