Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды шаралар жалғасын табуда. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Әрбір ақтөбеліктің Тәуелсіздік жылының мерейтойында мемлекеттің қамқорлығынын сезіну керек екендігін айтты. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлайды.
Күн сайын облыста айтулы мереке қарсаңында ондаған шаралар өткізілуде. Мемлекет басшысының бекіткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, шығармашылық, өркендеу сияқты тұжырымдамасына сәйкес әрбір өткізілген іс шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтылуда.Еске сала кетейік, Ақтөбеде «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасы бастау алды. 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығы бойынша 25 жұлдызды күн аясындағы шаралар Теуелсіздік жылдарында жеткен жетістігімізді баяндайды. Осы кезеңде, тек Ақтөбеде 37 өндірістік және әлеуметтік нысандарды ашылып, 200-ден астам ауқымды мәдени, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылады.
Облыс басшылығы көмекке мұқтаж әрбір азаматты назардан қалдырмау бойынша барлық қахетті шараларды жасауда.
-Биыл біз тарихи күнді атап өтеміз. 25 жыл бұрын әлем картасында тәуелсіз жас Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды. 25 жыл — бұл көп те, аз да жыл емес, бірақ біз осы кезеңдерде елеулі табыстарға қол жеткізе алдық. Еліміздің басты жетістігі – көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы. Экономикалық және саяси дағдарыстарға қарамастан, халқымыз тұрақтылықпен қамтамасыз етіліп, әл – ауқатымыз өсіп келеді. Мұның барлығы Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының жемісі. 25 жұлдызды күн аясында өткізілген әрбір шара облысымыздың барлық аймағын қамтиыды. Біздің басты бағытымыз — көмекке мұқтаж әрбір азамат Тәуелсіздік жылының мерейтойында мемлекеттің қамқорлығынын сезіну керек. Сонда ғана, біз тағыда өз ісімізбен бір ел – бір отбасы екенімізді көрсете аламыз, — деп қадап айтты Бердібек Сапарбаев.