Домой Қоғам Ақтөбе Ақтөбеде тұңғыш технопарк ашылды

Ақтөбеде тұңғыш технопарк ашылды

Ақтөбеде тұңғыш технопарк ашылды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбеде «ZEREK» тұңғыш технопаркі ашылды. Технопарктің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы.

Технопарктің негізгі міндеті — ғылым мен өндірісті ұштастыру. Әлемнің озық тәжірибелерін осы жерде енгізіп, үйлестіру. Ғылыми жобаларды өңірдегі өндіріс орындары пайдаланатындай деңгейге жеткізу де осы технопаркті ашудағы бір мақсат.

— Кез келген мемлекеттің инновациялық дамуының негізі ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ғылым мен білімнің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін де отандық өндірісте және оқу бағдарламаларында алдыңғы қатарлы технология пайдаланылу керек, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ашылу салтанатынан кейін көпшілік технопарктің жұмысымен танысты. Онда 5 зертхана және ғылыми кітапхана бар. Онда жоғары технологиялық, инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кету керек, университет халықаралық әріптестікті жолға қойған. Әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен 80 академиялық келісімге қол қойылған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here